Ақтауда әскери-теңіз күштеріне арналған алғашқы пирс пайдалануға берілді

1023

Ақтауда әскери-теңіз күштеріне арналған алғашқы пирс пайдалануға берілді

Ақтаудағы халықаралық теңіз сауда портында еліміздің әскери-теңіз күштеріндегі алғашқы әскери мақсаттағы пирс пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Біз бұл сәтті алты жыл күттік.  Кемелер жаңа жылға дейін өзінің жаңа "үйіне" көшуге тиіс. Ақтаудағы еліміздің әскери-теңіз күштеріне қарасты кемелер тұрақтайтын алғашқы пункт Каспийде туындайтын ықтимал қауіптерге шұғыл әрекетке қызмет етіп, әскери-техниканы дер кезінде даяр етуге мүмкіндік береді", – деді еліміздің ҚК ӘТК бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов.
Оның айтуынша, аталған пирсте  еліміздің ҰҚК шекара қызметіне қарасты жағалау күзетінің кемелері де орын тебетін болады.
Қазақстандық әскери кемелер бұған дейін әскери-теңіз базасынан 140 шақырымдай қашықтықтағы Баутинода жалға алынған пирсте орналасқан болатын.
Жандарбек Жанұзақовтың мәліметі бойынша, жаңа пирс пайдалануға берілген соң кемелердің әскери сапқа тұрғызылуы алты сағатта екі сағат дейін қысқармақ.
Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңгеден асады.  Айлақ қабырғасының ұзындығы – 400 метрден артық, ал жобалық қуаты 10 кемені құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу