Ақтаулық алаяқ 30 млн теңгені алдап алған

721

Ақтаулық алаяқ БҚО тұрғынының жылқы сатып алғысы келетінін білген соң, "WhatsApp" желісі арқылы қоңырау шалып, өзінің 5 бас жылқысын 430 мың теңгеге ұсынған.  

Ақтаулық алаяқ 30 млн теңгені алдап алған

Күдікті аталған соманы банк қосымшасы арқылы алып, өз міндеттемелерін орындамай кеткен. Жәбірленушіге үлкен сомада залал келтіргенімен тоқтамай, алаяқ тағы бір қылмыс жасайды. Атырау облысының тұрғынына автотіркеу ұсынып, тағы да уәдесінде тұрмай жәбірленушіге 350 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Бұдан бөлек, күдікті Бейнеу ауылының тұрғынын да алдап соққан. Оның 20 бас жылқы сатып алғысы келетінін біліп, өзінде жоқ жылқыларды 2 млн 200 мың теңгеге сатуға ұсынған. Аталған ақшаны банк қосымшасы арқылы алып, өз міндеттемелерін орындамаған. Сол арқылы жәбірленушіге үлкен көлемде материалдық залал келтірген.

"Сонымен қатар сотталушы "LOTO CLUB" ғимаратына бензин құйып, оны өртеп жібереді. Нәтижесінде, ғимарат иесіне 9 млн 800 мың теңге және клуб иесіне 17 млн 320 мың теңге көлемінде шығын келтірді", – дейді Ақтау қалалық сотының өкілдері.

Жәбірленушілер залалдың өтелуіне және тараптардың татуласуына байланысты алғашқы екі дерек бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Ал "LOTO CLUB" өкілдері мен ғимарат иесі соттың қалауы бойынша жаза тағайындауға арызданды. Сот қаулысымен алаяқтықтың қалған екі эпизоды бойынша ҚК 202-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және істің жеңілдететін мән-жайларын (кінәні мойындау, асырауында 4 кәмелетке толмаған бала мен жүкті әйелінің болуы) ескере отырып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза шартты түрде тағайындалды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу