Ақтаулық тұрғынның жәндікке шашқан дәрісінен көршілері көз жұмды

887

  Екі адам қайтыс болып, алты адам ауруханаға түсті.

Ақтаулық тұрғынның жәндікке шашқан дәрісінен көршілері көз жұмды

Ақтауда бір тұрғынның жәндіктерген шашқан уынан екі адам қайтыс болып, алты адам ауруханаға түсті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, әйел адам үйін "Квикфос" уын ешкімді ескертпестен залалсыздандырып, өзі біршама уақытқа кетіп қалады. Жайылған удан көрші тұратын 9 айлық нәресте мен анасы көз жұмған. Қазіргі күні пәтер иесі анықталып, ҚР ҚК-ның 304-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. 

Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиға Ақтауда бұрын да қайталанған еді. 2019 жылы 26 қаңтарда да пәтер иесінің қанжалаға шашқан уынан үсітіңгі қабаттағы бір үйдің үш баласы ауруханаға түсіп, оның біреуі көз жұмған еді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу