ҚР Президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Асхат Шахаров 1978 жылы РФ Орынбор облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.
1999 жылы – Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын "Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушысы",
2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Халықаралық деңгейдегі экономист" мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорттық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Әр түрлі жылдар Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры болып қызмет еткен.
2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі 2017-2019 жылдар Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің қызметін атқарып келді.
Аймақ басшысы Мавр Абдуллиннің басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.