Ақтөбе облысында алғашқы технологиялық парк ашылды

2202

Ақтөбе облысында алғашқы технологиялық парк ашылды

Ақтөбеде С. Баишев атындағы жеке университет базасында "ZEREK" алғашқы технологиялық паркі өз жұмысын бастады, деп хабарлады "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығы.

Технопарк қызметінің негізгі мақсаты инновациялық кәсіпорындарды құру мен дамытуды жан-жақты қолдаудың тиімді тетігін енгізу арқылы өңірде ғылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ғылыми жетістіктерді, инновациялық қызметті коммерцияландыру болмақ. Технопарк қызметінің басым бағыттары Ақтөбе облысының даму бағдарламасына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

"Ғылым, білім беру және өндіріс интеграциясы кез келген елдің инновациялық дамуының негізі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде білім мен ғылымның дамуына көп көңіл бөледі. Президент отандық өндіріс пен оқу процестеріне озық технологияларды, инновацияларды енгізу республиканың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруін жылдамдататынын бірнеше рет айтқан болатын. Ақтөбе облысында осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады", – деп атап өтті  парктің ашылу салтанатына қатысқан Бердібек Сапарбаев.

Технопаркте барлығы 5 ғылыми зертхана жұмыс істейтін болады: ақпараттық-өлшеу жүйелерінің, техногендік қалдықтарды экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату бойынша, инженерлік бейіндегі ғылыми зертханалар, "Ұлы Жібек жолы рухани мұрасы" ғылыми-зерттеу орталығы және "Білім беру кеңістігін интернационалдандыру" халықаралық зертханасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу