"30 желтоқсан 21:21-де Хромтау ауданының өрт сөндіру бөліміне "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-ның Қаратау елдімекенінен 30 шақырым жерде орналасқан "Весенняя Аралчинская" шахтасында алдын ала мәлімет бойынша, жүргізілген жарылыс жұмыстары барысында төрт адам қайтыс болып, бір адамның зардап шеккені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Жарылыс себебі анықталуда.
"Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері жолға шықты", - деп жазылған хабарламада.