Ақтөбеде қонаққа келген әйел тігін машинасын ұрлап кеткен

876

29 қаңтар күні полицияға 83 жастағы зейнеткер тігін машинасының жоғалғаны туралы арызданды.  

Ақтөбеде қонаққа келген әйел тігін машинасын ұрлап кеткен

Жәбірленуші үйіне келген қонақтың тігін машинасын ұрлап кеткенін айтты. Зейнеткерге келтірілген шығын 25.000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін 45 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған тігін машинасы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу