Ақтөбедегі шошқа фермасы жабылады

1911

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Ақтөбедегі шошқа фермасы жабылады

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасы сот шешімімен жабылатын болды. Осылайша, жергілікті тұрғындардың көп жылдан бергі шағымы қанағаттандырылды, - дейді inbusiness.kz тілшісі. 

Қазіргі күні облыстық экономикалық сот "Парижская коммуна XXI" ЖШС-ның биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануына және фермадан шығатын қалдық суларды ағызуына тыйым салған. Оның иесіне қатысты ҚР ҚК "жерді бүлдіру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Тексеру барысында қоршаған ортаны өрескел бүлдіріп, экологияға орасан зиян келтіру деректері анықталған. Атап айтқанда, 6 га жерге 200 тоннадан артық қалдық көмілген. Оның ішінде шошқа малының қан-жын, өлекселерінен бөлек, құрылыс материалдары да бар болып шықты. Фермада жобада көрсетілгендей 40 мың емес, 52 мың шошқа болған. Сондай-ақ, кәсіпорын соңғы екі жылда қоршаған ортаға эмиссиясыз жұмыс істеп келіпті.

"Мекеме қоршаған ортаға эмиссия алу мүмкіндігінен айырылды", - деп мәлімдеді судья Жанар Жұбатова. 

Ферманың заңсыз әрекетінен келтірілген зиян 7 млрд.теңгеге бағаланып отыр. Экологтар бүлінген жерді зарарсыздандырып, қалпына келтіру үшін кемі бір жыл қажет екендігін айтады. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу