Ақтөбелік қария дәрігердің қателігінен өзінің "тірі" екенін дәлелдей алмай жүр

521

68 жастағы Ромахан Кенжебаев өзінің дүниеден өткенін емханада естіген деп хабарлайды inbusiness.kz astanatv-ға сілтеме жасап.

Ақтөбелік қария дәрігердің қателігінен өзінің "тірі" екенін дәлелдей алмай жүр Фото: astanatv.kz

Ортақ базада зейнеткер өмірден өткен кісі ретінде көрсетілгендіктен оның барлық құжаттары бір сәтте жарамсыз болып шыққан. Ауырып емханадан науқастанғанын растайтын анықтама аларда мұндай хабар оның төбесінен жай түскендей болды. Әлі күнге дейін еңбектенетін Ромахан Кенжебаев жалақысын алу үшін өзінің "тірі" екенін құзырлы органдарға дәлелдеуі тиіс. Тіпті банк картасының өзі бұғатталған.

"Халыққа қызмет көрсету орталығына барсам маған "Сіз өлген адамсыз!, қалай келіп тұрсыз?" дейді. Жеке құжатымды көрсетсем, ешкім сенбейді. Менде енді не құжат жоқ не банк картам да бұғатталған. Тіпті жалақы ала алмай отырмын", – дейді Ромахан Кенжебаев.

Емхана басшылығы қателік өздерінен кеткенін мойындап, қариядан кешірім сұраған. Статист-дәрігер жеке сәйкестендіру нөмірінің соңғы санынан абайсызда жаңылысқан екен. Олар қатені жөндеп, зейнеткердің құжаттарын қалпына келтіріп беруге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу