Ақтөбенің жаңа әкім тұрғындарға үндеу жасады

534

Ақтөбенің жаңа әкімі Мұрат Жүребеков ауа райы болжамын алға тартып, келесі аптада аяз күтілетінін айтты.  

Ақтөбенің жаңа әкім тұрғындарға үндеу жасады Фото: khabar24.kz

Ауа температурасы күндіз -25 градустан түнде -38 градусқа дейін түседі. Дегенмен әкім ақтөбеліктерді алаңдауға негіз жоқ деп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үндеу мәтіні қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша қаланы жылумен күшейтілген жұмыс режиміне, тәуліктік кезекшілікке көшірілді. Қазір барлығына жылу берілуде. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар қалыпты режимде. Дегенмен, сіздердің қолдауларыңыз қажет, үйлеріңізді басқарушы компаниямен (ПИК) бірлесе отырып, үйлеріңіздің жылу жүйелерін қадағалап, тексерулеріңізді сұраймыз", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков.

Аязды күндері әкім ақтөбеліктер мен қала қонақтарына "үйлерден ерекше қажеттіліксіз шықпауды, автотұрақтар мен аялдамалардағы қарды шығаруға кедергі келтіретін көліктерді жол жиегінде қалдырмауды" сұрады.

Әкім қазіргі таңда Ақтөбеде соңғы екі күннен бері толассыз жауған қардан тазалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

"Бірінші кезекте көшелерді, көлік көп жүретін көпірлерді, автобус бағыттарын тазарту шаралары қолға алынды. Қазір тек қаланы ғана емес, жаяу жүргіншілер жүретін 54 тұрғын үй іргесіндегі қарды тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде", - деді Мұрат Жүребеков.

Сонымен қатар, ол барлық кәсіпкерлік нысандары, мекеме ғимараттары мен көпқабатты тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары іргелес аумақтағы қарды мұздан тазартып, шығару керектігін ескертті.

"Жалпы, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін жылу, жарық, су және газ желілері қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Алаңдауға негіз жоқ. Оны жеке бақылауымда ұстаймын", - дейді Мұрат Жүребеков.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мұрат Жүребеков ҚР Энергетика бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Сол күні кешке Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу