"QazAvtoJol" ҰК" АҚ "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалының мәліметінше күнделікті тексеру жұмыстарына қарамастан, ақылы учаскелерде жол элементтерін ұрлау фактілері азаймауда. Мысалы "Нұр-Сұлтан-Щучинск" учаскесінде 2018 жылдан бастап 10 ұрлық фактісі тіркелген. Кабельдер мен үй жануарлардың жолға шықпауы үшін орнатылған арнайы қоршаулармен қатар, басқа да бағалы техникалық құралдар қолды болуда.
2018 жылдың сәуір айында демалыс алаңындағы орындықтар, ал осы жылдың тамыз айында ақылы дизельді-генератор ұрланған. Сонымен қатар, 7 дана жарық прожекторы, 30-ға жуық жарық беретін құрылғы, 412 бірлік консоль ұрланған. Ал "Нұр-Сұлтан-Теміртау" учаскесінде 5 мың метрден астам қоршау ұрланған.
Кабельдер мен қоршауларды ұрлау фактілері Алматы облысындағы ақылы учаскелерде де жиі тіркеледі. Мысалы "Алматы-Қорғас" ақылы жолындағы қайта жаңарту жұмыстарынан кейін учаскеден 35 шақырым электр желісі жоғалыпты. Байсерке, Ақбастау және Қазатком жол айырығында 3 трансформатор қолды болған. "Алматы-Қапшағай" учаскесіндегі үш рет ұрланған электр желілерінің жалпы көлемі 6 шақырымға жетеді. Жолдың бойындағы демалыс алаңдарынан орындық пен үстелдермен қатар, аялдама павильондарын ұрлаған фактілер де тіркелген.