Al Rayan Bank "Астана" халықаралық қаржы орталығынан бөлімше ашады

1170

Шетелдік банктің бөлімшесі digital банкинг қызметін ұсынады. 

Al Rayan Bank "Астана" халықаралық қаржы орталығынан бөлімше ашады

Катардың Al Rayan Bank ислам банкі "Астана" халықаралық қаржы орталығына тіркеледі. Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 5-отырысында Катардың сауда және индустрия министрі Әли Бен Ахмад әл-Кауари осылай деді. 

"Al Rayan Bank "Астана" халықаралық қаржы орталығынан бөлімше ашуға әрекеттеніп жатыр. Бұл бөлімше digital банкинг қызметін ұсынбақшы. Таяу арада келісімге қол қойылып, жұмыс басталады деп үміттенеміз", – деді Әли Бен Ахмад әл-Кауари.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы ислам қаржысы департаментінің 
жетекшісі Әлібек Нұрбековтың түсіндіруінше, қазір Al Rayan Bank тіркеу және лицензия алу үдерісінен өтіп жатыр. 

"Астана" халықаралық қаржы орталығына тіркелгеннен кейін Al Rayan Bank ел аумағында қызмет көрсете бастайды. Бұл – Таяу Шығыстағы беделді банк. Оның Ұлыбританияда да бөлімшесі бар", – деді Әлібек Нұрбеков.

Департамент жетекшісінің сөзінше, Al Rayan Bank ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия сынды салаларды қаржыландыруы мүмкін.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу