Алакөлдегі үйректердің неден қырылғаны белгілі болды

514

"Қазгидромет" РМК Алакөл көлінде жабайы құстардың өлуіне байланысты 20 шілдеде көлден су сынамаларын алып, 41 ингредиент бойынша химиялық талдау жүргізді.  

Алакөлдегі үйректердің неден қырылғаны белгілі болды

"Қазгидромет" РМК Алакөлдегі жабайы құстардың қырылуына қатысты тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Балық шаруашылығынан басқа, су пайдаланудың барлық санаттары үшін қолданылатын су сапасын талдаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес, магний, хлоридтер, минералдану бойынша көрсеткіштен асып кетуі тіркелді. Атап айтқанда, магний концентрациясы – 316 мг/дм3, хлоридтер – 748 мг/дм3, минералдану – 4946 мг/дм3. Хлоридтер мен минералданудың нақты концентрациясы фондық кластан аспайды, ал магний фондық кластан асқан. Алакөл көлі бойынша су температурасы 27-28,6 ºC деңгейінде болды, сутегі көрсеткіші 8,29-8,97, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 7,55-7,67 мг/дм3, түсі 9-17 градус, иісі болған жоқ", –  деп хабарлады Қазгидрометтен.

Бұдан бөлек, 26 шілдеде 5 тәулік бойы жасалатын "оттегіні биохимиялық тұтыну 5" талдауының нәтижелері жарияланады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу