Алаяқтық дерегі жиі тіркелетін қалалар аталды

1159

Елімізде бір жылда алаяқтық дерегі 31%-ға өскен.

Алаяқтық дерегі жиі тіркелетін қалалар аталды

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында алаяқтық дерегі жиі тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда "Алаяқтық" бабы бойынша 4 мың құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға артық. 

Оның басым бөлігі интернет-алаяқтық дерегіне қатысты (43,3%): 1,8 мың құқықбұзушылық.

Сондай-ақ, төлем картасын заңсыз пайдалану бойынша 18 құқықбұзушылық, кредит беруде 11 құқықбұзушылық, ақшаны қарызға беру және жылжымайтын мүлікте 1 заң бұзу дерегі тіркелген.

Елімізде алаяқтық дерегінің 44,1%-ы үш мегаполистің үлесінде: Алматы (824 құқықбұзушылық, плюс 4,7%), Нұр-Сұлтан (524 құқықбұзушылық, плюс 56%) және Шымкент (433 құқықбұзушылық, плюс 33,6%).

Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық дерегі аз тіркелген: 71 құқықбұзушылық, өткен жылмен салыстырғанда минус 42,7%.

Сондай-ақ Маңғыстау (2,5 есе, 106 құқықбұзушылық), Қарағанды (2,1 есе, 372 құқықбұзушылық) және Жамбыл (2,1 есе, 143 құқықбұзушылық) облыстарында алаяқтық дерегі (бір жылда) артқан.

Еліміздегі 11 банк БАҚ-та алаяқтардың адамдарды қалай алдайтынын ескертіп, қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берген. 

2021 жылдың қаңтарында "Алаяқтық" бабы бойынша жасалған құқықбұзушылық салдарынан 1,8 миллард теңге шығын келкен. Бұл көрсеткіш өткен жылы 3,1 миллард теңге болған.

Алаяқтардан көбінесе жеке тұлғалар зардап шеккен: 1,1 миллиард теңге. Мемлекетке 529,9 миллион теңге, заңды тұлғаларға 82,7 миллион теңге залал келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу