Алдағы 4 жылда Қазақстанның 6 облысының 84 елді мекеніне газ өткізіледі. Бұл туралы ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі үкімет сағатында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Еліміздің газ саласы үшін негізгі міндет халықты газдандыру болып табылады. Газдандырудың бас схемасына сәйкес, 2030 жылға дейін ел аумағын қамту 56%-ға жетеді, бүгінгі таңда ол 43%-ын қамтиды. Жалпы, 10 жыл ішінде 215 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Республикада 1198 елді мекен газдандырылды", – деп құлағдар етті Қ. Бозымбаев.
Министрдің айтуы бойынша, газ тұтыну 2010 жылғы 9 млрд-тан 12 млрд-қа дейін өскен.
2016-2020 жылдары еліміздің 6 облысындағы 84 елді мекен газдандырылады", – деп атап өтті министр.