Әлем экономикасының дамуы 3 жылға тежеледі

1555

Қазақстан Дүниежүзілік банк берген ақшаға жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алды. 

Әлем экономикасының дамуы 3 жылға тежеледі

Коронавирустың кесірінен әлемнің 60 млн тұрғыны ішер ас пен киер киімге жарымай қалады. Ал әлем экономикасының дамуы 3 жылға кері кетеді. 

Дүниежүзілік банк сарапшыларының байламынша, пандемия әлем экономикасын тоқыратады. Барлық саланың көрсеткіші қысқарады. 

Бұған дейін Дүниежүзілік банк пандемияның салдарынан 49 млн адам кедейліктің қамытын киетінін болжады. Уақыт өте келе коронавирустың экономикаға, адамдардың денсаулығына тигізетін зардабы әлдеқайда терең әрі ауыр болатынын анықтады. 
Дүниежүзілік банк тобының президенті Дэвид Малпассаның мәлімдеуінше, әлем экономикасын рецессия күтіп тұр. Жаһандық экономиканың өсім көрсеткіші 5% қысқарады. 60 млн адам кедейлердің қатарына қосылады. 

Дүниежүзілік банк әлем халқының 70% өмір сүретін 100 елдің дағдарысқа қарсы бағдарламасын қаржыландырады. Бұл үшін 160 млрд доллар бөлінген. 

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчуктің айтуынша, қаржы ұйымы пандемиямен күресу үшін Орталық Азия елдеріне 328 млн доллар жолдаған. Қомақты қаржының 27 млн доллары Қазақстанға жіберілген. 
"Қазақстан бұл ақшаға жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алды", – деді директоры Лилия Бурунчук.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу