Әлемдегі экологиялық тренд Қазақстанда тренд бола ала ма?

781

Елордадағы ескі киімдерді қайта өңдеуге қабылдайтын жалғыз дүкеннің жұмысы тоқтап тұр, деп хабарлайды Atameken Business.    

Әлемдегі экологиялық тренд Қазақстанда тренд бола ала ма?

Оған пандемия себеп болған. Бірақ мұндай мекемелердің ісіне кедергі келтіретін коронавирус қана емес. Астанада тіпті Қазақстанда киімдер мен текстильді қайта өңдеуге мүмкіндік беретін технология жоқтың қасы. Салдарынан кәсіпкерлер материалдарын шет елге тасуға мәжбүр. Ал ол өз кезегінде қосымша шығындарға алып келеді. Қайта өңдеумен айналысқан дүкен қызметкерлернің айтуынша, осыған дейін азаматтар ескі киімдерін өткізіп, жаңасына 15 пайыздық жеңілдік алған. Жалпы киілеген киім-кешектен экологияға ешқандай зиян келтірмей бас тартудың бірнеше жолы бар. Егер пайда тауып қалғыңыз келсе коммисялық дүкендерге өткізуге болады. Ондайлар бір Алматыда 40-тан астам. Немесе интернет сервистері арқылы тегін беруге болады. Мәселен бір жылда Olx желісінде "тегін беремін" санатындағы хабарландырулардың саны 10 пайызға артқан. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға көмектесу үшін қоғамдық қорлар мен мешіттер де қабылдайды.  Ондай ұйымдарды іздеп жүруге уақыт жоқ десеңіздер, қазір бұл сервис үлкен сауда үйлеріндегі дүкендерде де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу