"Әлемдік экономикадағы кейінгі жағдайлар мұнай бағасын төмендетті"

562

Ресей мен Украина арасындағы геосаяси қақтығыстан кейін мұнай бағасы жоғарыласа да, шілдеде әлемдік экономикаға қатысты алаңдаушылық күшейіп, оның салдары шикізат нарығы, оның ішінде мұнайға теріс әсер етті.

"Әлемдік экономикадағы кейінгі жағдайлар мұнай бағасын төмендетті"

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Kapital.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұнай бағасы бір айда бағасы 4,2%-ға төмендеді. Сәуірден бастап алғаш рет жекелеген күндері барреліне 100 долларға жетпеді. Тамыздың басында қара алтынның бағасы отынға деген сұраныстың перспективасына қатысты алаңдаушылық аясында 95 доллардан төмен түсті. ОПЕК альянсы 3 тамызда өткен отырыстың қорытындысы бойынша, өндірісті күніне небәрі 100 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Делегаттар АҚШ-тағы әлеуетті рецессия мен ҚХР-дағы карантин шектеулеріне қатысты алаңдаушылық білдірді", – деді Молдабекова.

Оның айтуынша, қаржы нарығы үшін шілде – жаңа рекордтар айы болды. АҚШ-тағы инфляция 40 жылдық ең жоғары көрсеткіштерді тағы да бұзып, маусымда ж/ж 9,1% болды. Сөйтіп АҚШ ФРЖ ставкаларының барынша тез өсу тәуекелі әлемдік рецессияға қатысты инвесторлардың алаңдаушылығымен бірге валюта нарығындағы АҚШ долларының үстемдігін айдың ортасына дейін қолдап бақты.

Дегенмен айдың соңына қарай жағдай тұрақталды. АҚШ ФРЖ мөлшерлемені 2,25-2,5%-ға дейін 75 базистік тармаққа арттыру туралы шешім қабылдаған отырысы АҚШ долларының динамикасы үшін бетбұрыс кезеңінің бірі болды. Бұл өз кезегінде тәуекел сентиментін қолдап, тәуекелді активтердің көбеюіне жол берді де, АҚШ долларының өсуін тежеді. Соның салдарынан дамушы нарықтардағы валюталардың индексі бір айда 2,4%-ға төмендеді. Шілденің қорытындысы бойынша, акциялар нарығы оң динамиканы көрсетті, MSCI жаһандық индексі 2020 жылғы қарашадан бастап 7,9%-ға айтарлықтай өсті. Бұл – ең жоғарғы көрсеткіш.

"ЕОБ отырысы – шілде айының тағы бір елеулі оқиғасы болды. Онда мөлшерлемені 50 базистік тармаққа арттыру туралы шешім қабылданды. Осылайша реттеуші 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан теріс ставкалар дәуірін аяқтады. Дегенмен теріс мөлшерлемеден бас тарту аймақтағы экономикалық дағдарыстың елеулі тәуекелдерімен қиындай түсті. Еуроаймақ экономикасының 2-тоқсандағы оң өсуіне қарамастан (+0,7% тоқ/тоқ), іскерлік белсенділік көрсеткіштері ЕО экономикасының перспективасы нашарлағанын білдіріп, жинақталған PMI 49,9-ға дейін төмендеді. АҚШ-та экономиканың (-) 0,9% тоқ/тоқ теріс өсуі туралы деректердің екі тоқсан қатарынан шығуы қазіргі жағдайдың рецессияға жататыны не жатпайтыны туралы белсенді пікірталастардың өршуіне себеп болды. ҚХР-да өнеркәсіп секторындағы іскерлік белсенділік көрсеткіші 49 тармаққа дейін төмендеп, бұл да өсуден төмендеуге көшкенін дәлелдей түседі", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу