Әлеуметтік жетім балалар саны жыл сайын 5 мыңдап көбеюде

1913

Әлеуметтік жетім балалар саны жыл сайын 5 мыңдап көбеюде

Елімізде жыл санап сотқа түсетін істердің саны көбейіп жатыр. 2013 жылмен салыстырғанда 2017 жылы сотқа түскен істер мен арыздар саны 2 есеге өскен (1,4 млн-нан 2,7 млн-ға). Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

"Статистикалық мәліметтерге сай, өршіп тұрған даулардың көбі шарттардан туындаған және отбасылық даулар. Оның ішінде неке бұзу, баласын, ата-анасын, жұбайын асырау үшін алимент өндіру даулары. Елімізде әрбір 3-ші отбасының шаңырағы шайқалып, әрбір үшінші неке бұзылуда. Сонда, орта есеппен әр отбасында 2 бала деп алсақ, бір жылда 5 мыңға жуық бала әке не ана тәрбиесінен айырылып, әлеуметтік жетім балалардың қатарына қосылуда Осы дауларды келісіммен шешуге болады, сонда  қанша отбасы сақталып, балалар жетімдік күн кешпес еді", – дейді ҚР жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен.

2017 жылы қаралған азаматтық істердің 5,6 % жуығы ғана татуласу рәсімімен аяқталған.

"Дауларды татуласу рәсімдерін қолданып шешу – даукестік деңгейін азайтудың тиімді жолы. Даулардың көпшілігі сотқа жүгінуді тіпті қажет етпейді. Оған дәлел – 2017 жылы барлық қабылданған сот актілерінің 7,1 %-на ғана шағым келтірілген", – деді Сағатбек Сүлеймен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу