Алматы апорты халықаралық брендке айналады

490

Әділет министрлігі апорт сортының алмасын қазақстандық, одан кейін халықаралық бренд ретінде тіркеуге ниетті. 

Алматы апорты халықаралық брендке айналады Фото: Kazgazeta.kz

Бұл туралы ведомство басшысы Азамат Есқараев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ИНТЕРФАКС-Қазақстан” порталына сілтеме жасап.

“Алматы апортын қазақстандық бренд ретінде географиялық көрсеткіш ретінде бекіту жұмыстарына тоқталар болсақ. Президент Алматы алмасын халықаралық брендке айналдыру үшін жұмыс істеу қажеттігін айтты. Әділет министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр”, - деді ведомство басшысы.

Министр Әділет министрлігіне тиісті өтінім берген апорт өндірушілер қауымдастығымен мәселе пысықталғанын жеткізді.

“Әлемде Алматы апорты бренді болуы үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Мерзімі ұзақ. Зияткерлік меншікке қатысты мәселелер тез шешілмейді. Төрт ай өткеннен кейін Қазақстанда Алматы апортын қазақстандық бренд ретінде тіркейміз. Содан кейін тиісті қауымдастық Алматы апортын халықаралық аренада географиялық көрсеткіш ретінде қорғауға және тіркеуге беру үшін құжаттарды жинайды”, - деп атап өтті Азамат Есқараев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының символы апорт ұлттық брендке қашан айналатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу