Алматы әуежайында 11 рейс кешігіп жатыр

859

Алматы әуежайында 11 рейс кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына және ұшақтардың кешігіп келуіне байланысты 11 рейс уақытынан кешігуде, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА. 

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, 12 және 13 желтоқсан күндері мына рейстер кешігеді: 1. IQ353 Алматы-Астана (Алматының метеожағдайы бойынша); 2. ZXA529 Алматы-Үржар (Үржардың метеожағдайы бойынша); 3. KC857 Алматы-Ақтау (әуе компаниясының шешімімен); 4. KC127 Алматы-Ташкент (әуе компаниясының шешімімен); 5. DV713 Алматы-Астана (ұшақтың кешігіп келуі); 6. IQ377 Алматы-Шымкент (ұшақтың кешігіп келуі); 7. DV729 Алматы-Қостанай (ұшақтың кешігіп келуі); 8. KC939 Алматы-Бангкок (әуе компаниясының шешімімен); 9. KC935 Алматы-Куала-Лумпур (техникалық себептерге байланысты); 10. DP834 Алматы-Самара (әуе компаниясының шешімімен); 11. SU1947 Алматы-Шереметьево (ұшақтың кешігіп келуі). Алматы-Үрімші (Үрімшінің метеожағдайы бойынша) CZ6012 рейсі тоқтатылды. Сондай-ақ, әуежайдың хабарлауынша, қазіргі уақытта вертикалды көрініс 1000 м, көлденең - 400 метр. Әуе кемелерін қабылдауға және ұшыруға қойылған шектеу жоқ.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу