"Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болатынын естеріңізге сала кетейік. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 5%-ға арттырылды. Бұдан басқа, инфляция дәлізін 4-6%-дан 8-10%-ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарлануда", – деп жазылүан хабарламада.
Жоғары мөлшердегі жәрдемақыларды төлеу Мемлекет Басшысы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады, оның жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатында қаралуда.
"Бұл ретте өткен уақыт үшін биылғы сәуірден бастап жәрдемақылардың жаңа мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақы төленетін болады. Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Құралай Құдайберген