Алматы халықаралық әуежайы шығынға ұшырап жатыр

710

Әуежайдың шығыны 2020 жылдың қорытындысы бойынша 3,68 миллиард теңгені құраған. 

Алматы халықаралық әуежайы шығынға ұшырап жатыр

KASE мәліметтеріне сәйкес, оның бірден бір акционері – "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жылдық қаржылық есептілікті бекітіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденттерді төлемеу жөнінде шешім қабылдаған, деп хабарлайды inbusines.kz.

Бұл шешім 26 шілдеде қабылданған. Бекітілген әрі аудиттелген есептілікке сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша компания 3 685 237 000 теңгелік шығынға ұшыраған. Биржа сайтында 2021 жылдың 1 қаңтары бойынша келесі ақпарат жарияланған (жақшада 2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет жазылып тұр):

Жарғылық капитал: 78,41 млн теңге (78,41 млн теңге); 
жеке капитал: 64,29 млрд теңге (69,54 млрд теңге); 
жиынтық активтер: 76,06 млрд теңге (79,97 млрд теңге); 
жиынтық міндеттемелер: 11,77 млрд теңге (10,43 млрд теңге); 
сату көлемі: 46,16 млрд теңге (11,68 млрд теңге); 
ішкі табыс: 5,97 млрд теңге (2,94 млрд теңге); 
таза табыс: -3,68 млрд теңге (2,17 млрд теңге); 
қарапайым акцияның балансты құны: 608 031,00 теңге (882 288,00 теңге); 
ROA: -4,85% (2,72%); 
ROE: -5,73% (3,12%); 
ROS: -7,98% (18,59%).

Қаржылық есептілік депозитария сайтының мәліметтері бойынша, басқарманың жеті мүшесінің жиынтық сыйлықақысы 340,99 млн теңгені құраған. Демек, әр мүшеге есептегенде олардың табысы бір жылда 48,71 млн теңгені құраған.

Еске сала кетсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстандағы әуежайлардың жұмысын қалай реттеуге болатыныны айтып берген еді.

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ бірден бір акционері – түріктің TAV Airports Holding компаниясының "ТАВ ҚАЗАҚСТАН (TAV Kazakhstan)" атты еншілес компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу