Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандардың өтінішін сот қабылдамады

223

Іс бойынша сотқа 10 айыпталушы қатысты. 

Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандардың өтінішін сот қабылдамады Фото: Алматы әкімдігі

Алмалы аудандық сотында мегаполистегі "Сары арқа" және "Бауыржан Момышұлы" жаңа метро стансаларының құрылысы кезіндегі бес миллиард теңгенің ұрлануына қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс бойынша сотқа 10 айыпталушы қатысты. Атап айтар болсақ, олар — "Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Ербол Әбілдинов, сондай-ақ мердігер ұйымдар – "Алматыметроқұрылыс" АҚ және "Автоматтандыру және технологиялар сервисі" ЖШС лауазымды тұлғалары.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыларды Алматы метросының жаңа желісін салу кезінде қызметтерін пайдалана отырып, 5,089 млрд тенге жымқырды деп айыптады. Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинауды ұйымдастырып, солардың негізінде құнынан он есе жоғары бағаға құрал-жабдықтарды сатып алудың сметасын жасаған.

Кезекті сот отырысында үш айыпталушының адвокаттары сотқа кешенді экономикалық, тауарлық және электротехникалық сараптамасын тағайындау туралы өтінішхат жолдады.

Прокурор қылмыстық іс материалдары сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді деп есептейтіндіктен, соттан өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Ол іс бойынша қыруар сот сараптамалары жүргізілгенін, сот барысында сарапшылардың өздерінен де жауап алынғанын және олар өз қорытындыларын растағанын атап өтті.

Бұл пікірге зардап шеккендер мен мемлекеттік мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері де қосылды.

"Сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдай отырып, адвокаттардың өтініштері мынадай негіздер бойынша бас тартуға жатады деп санайды: Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 287-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес, -сараптама алдыңғы сараптама қорытындысы жеткілікті түрде дәлелденбесе, қорытындылары күмән тудыратын болса немесе сараптаманы тағайындау мен жүргізу барысында ережелер бұзылса, сол объектілерді зерттеу және шешу үшін тағайындалады. Сондай-ақ, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 282-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау үшін әртүрлі білім салаларына негізделген зерттеулер қажет болған кезде тағайындалады және оны әртүрлі саладағы сарапшылар жүргізеді", - деді Алмалы аудандық сотының судьясы Есен Өстелбаев.

Ол сот отырысында сарапшылардан жауап алынғанын айтып, олар өз қорытындыларын дәлелдегенін жеткізді.

"Сараптамаларды тағайындау және жүргізу кезінде сот іс жүргізу нормаларының айтарлықтай бұзылуын анықтаған жоқ. Сот қосымша кешенді сараптама мен зерттеулерді жүргізуге негіз жоқ",- деді судья.

Айта кетейік, "Метрополитен" КМК-да 5 млрд теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу 2023 жылы 28 тамызда аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша күдіктілер Алматы қаласының жаңа метрополитен желісін салу кезінде үлкен басқару функцияларына ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу