Алматы облысында 40-тан астам тұрғын қаржы пирамидасынан зардап шекті

1030

Олардың қатары әлі де көбеюі мүмкін.  

Алматы облысында 40-тан астам тұрғын қаржы пирамидасынан зардап шекті

Алматы облысында 40 астам тұрғын қаржы пирамидасынан зардап шекті, деп хабарлайды Алматы облыстық прокуратурасы

 "Қаржы пирамидасының негізгі белгілері мынадай: ұйымның беретін табысы нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары, бұрын-соңды болмаған жоғары кірісті жария ететін агрессивті жарнама; басқа қатысушылардың салымынан жаңа қатысушыларға қаражат төлеу; ұйымның нақты анықтамасы жоқ; сізден пирамидаға кіру ақысын беруді, жаңа клиенттерді тартуды сұрайды және тағы басқалар,  – делінген Алматы облыстық прокуратурасы таратқан хабарламасында.

Облыстық прокуратура азаматтарды күмәнді кәсіпорындарға ақша салмау керектігін ескертеді.

"Облыстың 40-тан астам азаматы осы жүйе бойынша жәбірленуші атанды. Олардың саны артуы мүмкін. Себебі, барлық жәбірленуші уақытында шағымданбайды. Кейбіреулері мүлдем құқық қорғау органдарына жүгінбейді", – делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2019 жылы қылмыстық қудалау органдары қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеуп-тексеру материалын тіркеді. Биыл да осындай фактілер анықталып, құқық қорғау органдары қаржы пирамидасын құрған адамдар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу