Бұл топтың Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасында коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат бергені үшін 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 млн теңге көлемінде жүйелі пара алғаны әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Пара сомасы әр қызметкерден 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар, бұл жалғыз факт емес.
Агенттік медицина қызметкерлеріне үстемеақыны мақсатты жұмсау мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды және тұрақты негізде тексерулер жүргізіп отырған.
Нәтижесінде тәуекел тобына жатпайтын адамдарға үстемақы есептеу, қызметкерлерді неғұрлым жоғары тәуекел тобына жатқызу, жұмыс істеген сағаттарды тіркеу және басшылардың қол астындағылардан қамқорлығы үшін ақы алу фактілері анықталды.
Мысалы: үстемеақы алу үшін ковидтік карточкаларға қол қоюға жоғары тұрған бастықтарға беру сылтауымен пара алу схемасын ұйымдастырған Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері анықталды.
Фельдшерлер 103 пультіне жалған қоңыраулар шалып, науқастарға бару туралы жалған есептер шығарған.
Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, ол қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшамен және банк картасына аудару арқылы фельдшерлерге берілген.
"2020 жылы 7 өңірде медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғалары тарапынан медициналық жәрдемақыларды төлеу кезінде заңсыз іс-әрекет фактілері анықталды, залал сомасы 60 млн теңгені құрайды",– деп хабарлайды агенттік.