Алматы облысында бірінші IT-парк ашылды

1078

Сонымен қатар, Жетісу өңірінде Интернет колледж салу жоспарлануда.

Алматы облысында бірінші IT-парк ашылды

"Jetysý Hub" технопаркінде робототехника, бағдарламалау сыныптары, балалар орталығы, электронды кітапхана, бизнес акселератор, лекция бөлмесі, түрлі компаниялар мен резиденттердің ІТ кеңселері орналасқан. Алдағы уақытта мұнда кез келген жастағы азамат ІТ саласындағы жаңа технологияларды меңгере алады. Сонымен қатар, ІТ-инкубаторда түрлі шеберлік сағаттары, бизнес тренингтер, хакатондар өткізу жоспарлануда. Бұл ретте Алматы облысының әкімі Амандық Батталов, орталық ІТ мамандарының жаңа толқынын дайындау үшін маңызды екенін айтты.

"Осындай технопарк ашу ақпараттық технологиялар саласын дамытуға мүмкіндік береді. Орталық мамандары Жетісу өңірінің жастарына кәсіби тұрғыда қолдау білдіреді деп сенемін. Жастар, ІТ-парктің барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыздар, үйреніңіздер, тәжірибе жинақтаңыздар, қорықпай армандарыңызға қарай қадам басыңыздар", – деді Алматы облысы әкімі Амандық Баталов.

Сонымен қатар облыс әкімі алдағы уақытта Интернет колледж салынатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу