Алматыда "Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы өтуде

1155

Биыл форум үлкен деректер (Big Data) және жасанды зерде негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдарын талқылауға арналған.

Алматыда "Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы өтуде

Алматыда ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлерінің қатысуымен "Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумы басталды. Үкімет басшылары өткен жылдың қорытындысын шығарып, Одаққа кіретін мемлекеттерді цифрландыру саласында қандай жетістіктерге жеткенін атап өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биыл форум үлкен деректер (Big Data) және жасанды зерде негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдарын талқылауға арналған.

Қазақстан Премьер-vинистрі Асқар Мамин форум қатысушыларына арнап сөз сөйледі. Қазақстан Үкіметінің басшысы бұл Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін және осы бағыттағы Одақ елдерінің ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Алматыда бас қосатын жыл сайынғы іскерлік дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Бүгінде әлемдік экономиканың дамуына елеулі әсер ететін цифрлық технологиялар мен инновациялар қарқынды даму үстінде. Елдеріміздің сапалы дамуында шешуші рөл атқаратын жасанды зердені дамытуға ерекше көңіл бөлінеді", – деді Асқар Мамин.

Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румас өз кезегінде форум өткен жылмен салыстырғанда өскенін, бірақ өз форматын өзгертпегенін айтты.

Молдова Республикасының Премьер-министрі Ион Кику өз сөзінде Молдовада бүкіл қоғамды трансформациялау мен жаңғыртудың негізгі қозғалтқышы ретінде АТ-секторды шоғырландыруға және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін хабарлады. АТ-секторы ұлттық экономиканың аса дамыған және серпінді секторларының біріне айналды. Молдова Республикасының ақпараттық технологиялар индустриясында соңғы жылдары серпінді өсім байқалуда.

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Цифрлық форумның қысқа уақыт ішінде цифрлық трансформация мен жаһандық экономиканың келешегі, сондай-ақ ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі талқыланатын іскери алаңға айналғанын атап өтті. Ол Форум аталған мәселелердің ЕАЭО-ның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретіндігіне және өте күрделі заманауи сын-тегеуріндерге жалпы жауаптарды әзірлеуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Осы сын-тегеуріндердің барлығын РФ Үкіметі Төрағасының сөйлеген сөзі сүйемелденетін қысқа роликте Ресей тарапы тұжырымдады.

Армения Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян мұндай алаңдар стратегиялық маңызды болып табылатынын атап өтті, өйткені одан әрі қозғалу үшін дұрыс бағытты көрсетеді және ЕАЭО платформасында АТ-саласындағы күш-жігерді шоғырландырудың дұрыс векторын береді. М. Григорян Арменияда не болып жатқанын және онда АТ-даму мәселелерін қалай қабылдайтынын, бұл мәселені ЕАЭО алдында тұрған мәселелер мен міндеттермен қалай салыстырып қарауға болатынын айтты.   

Қырғызстан Республикасының Вице-Премьер-министрі Жениш Разаков бүгінгі таңда цифрландыру Қырғызстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян цифрлық салада ЕАЭО алдында тұрған негізгі трендтер мен сын-тегеуріндер туралы айтып берді.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ауқымды деректер мен жасанды зерденің рөлінің қандай екенін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің күш-жігер біріктіруден бастап тұрақты дамуды құруға дейінгі синергияны қалай пайдалана алатыны туралы пікірімен бөлісті. 

Сонымен қатар, сессияға Amazon Web Services үкіметті трансформациялау жөніндегі директоры Лиам Максвелл, 01 Edu system негізін қалаушы Николя Садирак, Ұлыбританияның Мемлекеттік цифрлық қызмет директоры (GDS) (National, International&Research) Крис Фергюсон қатысты. 

Форум Digital Almaty Awards сыйлығын табыстау салтанатымен жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу