Алматыда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін орталық ашылды

1335

Алматыда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін орталық ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін №7 психологиялық- педагогикалық коррекциялы жаңа кабинеттің ашылуына қатысып, оның жұмысымен танысты. Алатау ауданындағы Оқушылар үйінің ғимаратында ашылған бұл Орталық қалалық Білім басқармасы мен "Болашақ" қайырымдылық қорының бірігіп жұмыс істеуі арқасында жүзеге асты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда мегаполисте ерекше қамқорлықты қажет ететін 7 мыңнан астам бала тұрады. Соңғы 9 ай ішінде 877 бала психолог иялық -педагоги калық коррекци я көмегін алды. Осындай кабинеттерде 5 588 балаға тиісті кеңес берілді.

Жаңа Орталықта жылына 180 бала оңалудан өтеді. Әр баламен және түрлі топтармен арнайы мамандар тікелей жұмыс істейді. Көзінде, құлағында, қимылында, сөйлеуінде, дамуында мүкіс бар балдырғандардың ерекше қамқорлыққа зәру екендігі анық. Осы ретте мұндай Орталықтардағы арнайы мамандар баланың дұрыс өсіп- жетілуіне кәсіби көмек көрсетуде.

"Болашақ" қайырымдылық қорының басшысы Динара Шайжүнісова өзінің сөзінде болашақшылардың "Әр бала мектепке баруға лайық" жобасы аясында 2016 жылы дүниеге келген екінші психологиялық -педагогикалық коррекция кабинеті екендігін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мұнда барлық жағдайдың жасалғандығын айтты.

"Коррекция кабинеттерінің жұмысы арнайы мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бармайтын, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өте тиімді және балдырғандардың дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған", - деп атап өтті Д.Шайжүнісова.

Орталық оңалтуға қажетті заманауи қондырғылармен толық жабдықталған, емдеу физкультурасының, Монтессоридің кабинеттері, музыка ырғағы залы, сенсорлы бөлме, ойын аймағы,логопед, дефектолог, психолог, әдістемеші кабинеттері жұмыс істейді. Мұнда кедергісіз орта да бар, дәліздер кең, ал ақпараттық тақталар Брайл шрифтімен толтырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу