Алматыда мерейтойлық CFO Summit Kazakhstan 2023 өтті

680

Өткен жылы негізі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 пайызға артып, 15 триллион теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен 10-шы CFO Summit барысында еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. 

Алматыда мерейтойлық CFO Summit Kazakhstan  2023 өтті Фото: CoinGeek

Оның сөзінше, ел экономикасы жаңа тәуекелдерге бейімделіп келеді. 

Мерейтойлық саммиттің тақырыбы да жылдағыдай ауқымды. Қазіргі геосаяси жағдайдағы экономикадан басталып, жаңа Қазақстанның экономикалық популизмі талқыланды. Спикерлер сөзінше, қазіргі әлемдік инфляцияның тиімді тұстары да бар екен. Қазақстан мүмкіндікті мүлт жібермеуі қажет. Десе де, тәуекелдер кезеңі екенін естен шығармау қажет. 

"Бұл тәуекелдерде мүмкіндіктер бар. Ол дегеніміз біз транзиттік дәліз бар десек біз бір ғана бағытқа ден қоймауымыз керек. Бірнеше бағытты дамыту қажет. Оңтүстік Африка, Еуропа мен Қытай деген секілді. Екіншіден бүкіләлемдік инфляцияның да бізге мүмкіндік беріп отырғанын түсінуіміз қажет. Яғни, елдегі өндірісті дамытуға көңіл бөлетін кез келді", дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекшісі Еркін Тұқымов.

Жиында сауда айналымы 32, экспорт 40 пайызға артқандығы да айтылды. Халықаралық валюта қорының ақпаратына сенеск, биылғы жыл ел экономикасы 2,9 пайызға өсті. Алайда, өткен жылға қарағанда төмен. Бұл ретте Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова экономикаға мемлекет араласпаған жағдайда ғана бәсекелестік орнайды екен. Яғни, екінші деңгейлі банктен бастап, өндіруші мен серивстік компаниялар да тұтынушы үшін барын салады. Оған қоса мемлекет көмекті таңдап беру қажет. 

"Ұзақ уақытқа берілетін мемлекеттік қаражат жақсы. Алайда, олар басымдыққа ие салаларға берілсе. Яғни, мұқжат адамдар алуы керек. Мүмкін ол әлеуметтік аз қамтылған отбасылар болуы мүмкін, табысы төмен адамдар деген секілді. Осылайша жеңілдетілген несиелер таңдаулы берілуі қажет деп есептеймін", дейді Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 

Спикерлерді Ұлттық қордың да жағдайы мазалады. Өйткені, соңғы уақытта қордан ақша алу жиілеп кеткен. Тіпті, қазір қордағы қаражат көлемі ЖІӨ-нің 30 пайызынан төмен. Сала мамандарын ондағы ақшаның өспей жатқаны алаңдатады. Жағдайды жақсартудың жолдары да айтылды. Ол үшін салық жүйесіне өзгерістер қажет екен. Айта кету керек, ең алғашқы CFO Summit 2014 жылы өткен болатын. Ал, биыл алқалы жиынға 400-ден аса банкирлер мен тәуелсіз сарапшылар оффлайн қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу