"ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалары 28 қазанда Алматы уақытымен 06 сағат 19 минут 19 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 8,7. Тербелісі - 3,2, тереңдігі - 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу