Алматыға есірткіні АҚШ-тан "Қазпошта" арқылы алдырып отырған. Бұл туралы бүгін Конституциялық заңнама комитетімен болған кездесуде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің айтуынша, шаһардағы курьерлер де байқаусызда есірткіні жеткізгені үшін істі болып жатыр екен. Енді құқық қорғаушылар заңды күшейтуді сұрайды. Ол қандай өзгерту?
Алматыда өткен жылы 7 синтетикалық есірткі зертханасы жабылса, 4 зертхана анықталып, ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Көбіне мұндай іспен айналысатындар 25 жасқа дейінгілер екен. Оған қоса, есірткі заттарын шетелден алдырудың да жолы кесілді, дейді қалалық полиция департаменті.
"Жедел іздестіру жұмыстары кезінде "Қазпошта" арқылы Испания мен АҚШ-тан ескірткі заттарына алып жүргендер анықталды. Олар өз тауарларын интернет дүкендер арқылы сатып келген. Ал, ақшаны КИВИ әмиян арқылы алған. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар 5 адамға Қылмыстық іс қозғалды", - деді қалалық ПД басқарма басшысы Ерлан Алмағамбетов.
Сондай-ақ, жиын барысында есірткіге тәуелді адамдарды күштеп емдеуді заңмен бекіту туралы ұсыныс айтылды. Қазіргі уақытта тек соттың шешімімен ғана күштеп емдеуге болады. Ескірткі пайдаланушылар жасарып келе жатқанын ескеріп, студенттер мен оқушылар арасында арнайы медициналық талдау жүргізу қажет екені де айтылды. Әрине, ол үшін ата-анасының рұқсаты керек.
"Бұл сұрақ бұрыннан бері көтеріліп келе жатыр. Қазіргі уақытта жергілікті жерлердегі гаркологиялық орталықтарда жүрігізілп тұрады. Оған мемлекеттен қаржы да бөлінеді. Алайдай, қазіргі заңнама бойынша бізді ол ерікті түрде жасалды. Біз ешкімді күштей алмаймыз. Ол ата-аналырдың еркінде", - деді Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин.
Отырыс барысында, сондай-ақ, ескіртінің зияны мен оның соңы неге әкеп соғатыны туралы бейнероликтерді де көбейтіп, телеарналардан жиірек көрсету керектігі айтылды. Сенатор барлығын тізім алып, алдағы уақытта Парламент қабырғасында талқылаймыз деп тарқасты.