Алматыға Солтүстік-Батыс Қытайдан алғашқы жүк пойызы келіп жетті

1068

Алматыға Солтүстік-Батыс Қытайдан алғашқы жүк пойызы келіп жетті

Жаңа халықаралық темір жол бағдары Солтүстік-Батыс Қытайдың Шицзуйшань қаласы мен Қазақстан арасын жалғайды, деп хабарлады "Синьхуа".

45 вагоннан тұратын алғашқы құрам Шицзуйшань қаласындағы Пинло уезіндегі стансадан шығып, Алашанькоу өткізу бекетін басып өтіп, 12 қарашада Алматыға жетті.

Хабарламада айтылғандай, пойыз 2766 тонна жүк әкелген. Оның ішінде болат прокаты, электрод шикізаты және басқалары бар. Айтуларынша, биыл аталған бағыт бойынша бұдан басқа жүк тасымалданбайды, алайда алдағы уақытта құрамдар тұрақты қатынап тұрмақшы.

Аталмыш бағдардың ашылуын Қытай "Белдеу және жол" бастамасын іске асыру, Қытай – Орталық Азия сауда дәлізін қалыптастыру және Қытайдың батыс аймақтарының логистикалық инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі маңызды шара ретінде қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу