Алматыға сырттан келетін көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

882

Себебі ауадағы зиянды қалдық мөлшері артып келеді.   

Алматыға сырттан келетін көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, соңғы үш жылда Алматыда PM2,5 шаңның орташа жылдық деңгейі 20%-ға артқан. Оның себі қалаға келетін автокөліктер саны 230 мың бірлікке өскен. Атмосфералық ауадағы азот диоксидінің (NO2) мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 2 есе көп.

"Атмосфераның ластану деңгейіне көліктерден шығатын зиянды заттар үлкен үлес қосады. Қалада 500 мың көлік бар, олардың шығарындылары шамамен 70 000 тоннаны құрайды, бұл барлық шығарындылардың жартысынан көбі", – деді спикер.

Сонымен қатар шаһар басшысының орынбасары биылғы жылдың сегіз айында 19 экопостқа жүргізілген талдауға сәйкес, 135 мың көліктің 26 мыңы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтінін атап өтті.

Осыған байланысты, 2022 жылдың соңына дейін көлік құралдарынан шығарылатын зиянды заттарды өлшеу ережелері қабылданады.

 "2030 жылға қарай "Қоғамдық көлікті дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және радиалды жолдарды кесу жоспары" жүзеге асырылғаннан кейін экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктердің қала аумағына кіруіне шектеу қою мәселесін көтеру қажет", – деді спикер.

Бұл ретте ол 2025 жылы автомобильдерге экологиялық таңбалау енгізілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу