Алматының сауда-ойын-сауық орталықтарында "ЭКСПО-2017" көрмесінің билет кассалары ашылды

995

Алматының сауда-ойын-сауық орталықтарында  "ЭКСПО-2017" көрмесінің билет кассалары ашылды

Алматының "MEGA Alma-Ata" және "MEGA Park"  сауда-ойын-сауық орталықтарында қазірдің өзінде "ЭКСПО-2017" билет кассалары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24 Хабар.

Саудаға бірнеше билет түрі шығарылды: қауырт күндерге және демалыс күндеріне, ашық және белгіленген күндерге арналған билеттер бар. "ЭКСПО-2017" көрмесінің ресми сайтынан электронды билет те сатып алуға болады.  Сондай-ақ олар "Қазпоштаның" бөлімшелерінде сатылмақшы.  Ал елімізде мұндай бөлімшелер 600-ден асады. Жалпы "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында 5 миллион билет сатуды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу