Алматының сауда орындарына тұрақтандыру қорынан азық-түлік жеткізілді

1187

Алматының  сауда орындарына тұрақтандыру қорынан азық-түлік жеткізілді

Тұрақтандыру қорынан жеткізілген  күріш, макарон мен қант Carrefour, SMALL секілді сауда үйлерінде сатыла бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Kapital.kz.

Супермакеттерде бәрінен бұрын қарақұмық пен бірінші сұрыпты ұн саудаланады. Сонымен бірге ақталған күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, қант пен тұз саудаға шығарылады.

"Жалпы үстіміздегі жылы жалпы сомасы 729 млн теңгенің  3170 тонна азық-түлігі сатып алынған. Оның ішінде 700 тоннасы – қант, 700 тоннасы – өсімдік майы, 350 тоннасы – күріш, 350 тоннасы – қарақұмық, 700 тоннасы – 1 сұрыпты ұн, 350 тоннасы – макарон өнімдері, 20 тоннасы – тұз", – делінген Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.

Тұрақтандыру қоры – негізгі азық-түліктің жедел қоры болып табылады. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік бағасы мен тапшылығының күрт өсуіне жол бермеу үшін қажет. Қор жергілікті бюджет есебінен толтырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу