Алматының тұрақтандыру қорына 45 млн дана дәрі-дәрмек жеткізілді

822

Бұл – жоспарланған көлемнен 12%-ға жоғары.  

Алматының тұрақтандыру қорына 45 млн дана дәрі-дәрмек жеткізілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында қала дәріханаларында жоғары сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің тапшылығын болдырмау шаралары туралы айтты.

"Жұмыс сапары кезінде қаладағы дәріханаларға берілу үшін тұрақтандыру қорына сатып алынған медпрепарат қоймаларындағы жағдаймен таныстым. Биыл "Медсервис Плюс" компаниясы 6 млн бума парацетамол мен аспирин жеткізді", — деп жазды Алматы әкімі. 

Оның айтуынша, қабылданған міндеттемелер аясында "Biola" фармацевтикалық компаниясы Алматыға 27 млн бірлік медициналық өнім — шприцтер, инфузиялық жүйелер, электронды және сынапты термометрлер әкелді. Саны төмендетілмейтін препараттар көлімі — 5,4 млн бірлік медициналық бұйымдар. 

Бқған қоса "Іңкәр" компаниясының қоймаларында — 62 түрлі 7,7 млн дәрілік заттар, оның ішінде 1,4 млн бума антибиотиктердің азаймайтын қоры ("Азитромицин", "Сумамед" және т. б.), дене қызуын түсіретін ("Ибупрофен", "Ибуфен" және т. б.), антикоагулянттар ("Кардиомагнил", "Фраксипарин" және т. б.), вирусқа қарсы дәрілердің қоры бар ("Фавипиравир", "Анаферон", "Ингавирин" және т. б.).

"Жалпы шілде айынан бері тұрақтандыру қорына медөнімдердің 64 түрі мен медбұйымдардың 4 түрі бойынша 45 млн дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл – жоспарланған көлемнен 12%-ға артық. Жалпы препараттардың төмендетілмейтін қоры 
 – 8 млн бірлік. Медпрепараттар қаладағы барлық дәріхана желісіне жіберіледі. Бұл шара аурудың ушыққан кезеңінде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Алматы әкімі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу