Алматының "Арбатында" қолөнер жәрмеңкесі өтеді

1374

Алматының "Арбатында" қолөнер жәрмеңкесі өтеді

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан  жəне Ресейден қолөнершілер келмек, деп хабарлайды aikyn.kz.

 Жəрмеңкеде музыкалық аспап, түрлі-түсті халат, киізден жасалған панно, былғарыдан жасалған сөмке, рюкзак жəне əмиян, қазақстандық кəдесый, ағаштан жəне керамикадан жасалған ыдыс-аяқ, күміс жəне бисерден жасалған əшекей бұйымдар, табиғи тастан жасалған кəдесый, киізден жəне тоқылған бас киім, түрлі-түсті кілем, ыңғайлы аяқ-киім жұртшылық назарына ұсынылады.
Қазақ киіз үй мен халықтық бұйымдарды әзірлейтін "Yurtart" қауымдастығы Алматы "Арбатында" 6 қанатты киіз үй тұрғызады. Ересектер мен балалар оны жан-жақты қарап, естелікке суретке түсе алады.
Арнайы тігілген шатырда алматылық моншақпен тоқудан  "Үздік шебер" Александра Волкова күтіп алады. Оның қолынан шыққан ерекше бұйымдарды, моншақ, гердан, брошь, кулон жəне сырға, бисерден жасалған жабо, кішкентай қыздарға арналған əшекей заттарды тамашалап, сатып алуға болады.

Жəрмеңке ұйымдастыру –  "Алматы қолөнерпалатасы"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу