Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратушыларды "қорқытты"

786

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратушыларды "қорқытты"

Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі болған Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратқандарды заңмен "қорқытты", деп хабарлайды Baq.kz.

Бұрынғы елші твиттердегі аккаунтында өзі жайлы қауесет таратпауды сұрады.

"Мен туралы қажетсіз жорамал мен түрлі қауесет таратпауларыңызды сұраймын. Бұл заңмен қудаланады", – деп жазды ол Twitter-дегі жеке парақшасында.

Естеріңізге салып өтсек, мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Кеше оның қызметінен не үшін кеткені белгілі болды. Ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметіне араласуға қатысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу