2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 190 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі..
Мәселен, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны 13 млрд теңгеге 111,5 мың адам, сәуірде 3,7 млрд теңгеге 31,4 мың адам алды.
Бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 139,9 мың адам алады, оларға 11,9 млрд теңге төленді. Сәуір айында бұл жәрдемақыны 3,1 млрд теңгеге 140,7 мың адам алды.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 233,9 мың әйел алған, сәуір айында 234,5 мың адамға 4 млрд теңге төленді.
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы орта есеппен жалпы сомасы 73,5 млрд теңгеге 384,9 мың отбасына берілген, сәуір айында 396,5 мың адам 19 млрд теңге жәрдемақы алды.
18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жаңа жәрдемақыны орта есеппен 14,4 мың адам алады, оларға 2,6 млрд теңге төленді, сәуірде 14,6 мың адамға 644,9 млн теңге төленді.
Болашақ ана босануға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыс істейтін әйелдер жүктілік және босану үшін біржолғы төлем алады. 2020 жылы 61,7 мың адам алды, оларға 25,9 млрд теңге төленді. Сәуір айында 9,8 мың адамға төлемді 4,9 млрд теңге берілді.
МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі. Биылғы жылғы қаңтар-сәуір айларында оны 273 мың адам алған, оларға 31,1 млрд теңге берілген. Сәуір айында 7,8 млрд теңгені 218,4 мың адам алды.