"Анасы балаларын өзі өлтірген": Павлодарда жантүршігерлік қылмыстық іс жабылды

1551

Полиция қандықол әрекетке отанасы барды деген байлам жасады. 

"Анасы балаларын өзі өлтірген": Павлодарда жантүршігерлік қылмыстық іс жабылды

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 9 қарашасы күні Павлодар қаласындағы Айманов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан пәтерде жантүршігерлік оқиға орын алды. Отағасы жұмыстан келген кезде үйдің есігін ешкім ашпаған соң, арнайы құралмен темір есікті кесіп, ішке кіргенде әйелі мен 2013, 2015, 2017 жылдары туған балаларының денесін тапты.

Полиция аталмыш қылмыстық істі жарты жылдан астам уақыт бойы  қарастырды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұған кейбір сараптама нәтижелерінің кеш шығуы себеп болды. Ал таяуда тергеушілер қылмысты отанасының өзі жасады деген қорытындыға келді.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 3-бөлімі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында жинақталған дәйектер мен сараптамалар нәтижесінде қылмысты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың анасы жасағаны белгілі болды. Қылмыстық іс 9 маусым күні айыпталушының қайтыс болуына байланысты жабылды",–деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Үш баланың анасының мұндай әрекетке не себепті барғаны хабарланған жоқ.

Ажар Дәулетова

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу