Ангола ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі

1281

Ангола ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Ангола Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Альбина Ассис Африканомен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы Ангола комиссарының жақында ғана болған тағайындауымен құттықтап, оның мол тәжірибесін атап өтті. Әсіресе, Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде Ангола павильонының жүлделі екінші орын иеленгенін айтты. Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Көрмені ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, "Болашақ энергиясы" тақырыбындағы көрменің мазмұны мен контентіне тоқталды.

"Алдағы көрменің тақырыбын ерекше айтқым келеді. Ол, шын мәнінде, уақтылы әрі маңызды. Ангола "Барлығына арналған энергия" тақырыпшасын таңдады. Өйткені, бұл бағыттың жүзеге асуы бізге кедейлікпен күресуге көмек беріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік көпір боларына сенімдіміз. Бұл тақырып – негізгісі. Себебі, Ангола Республикасының энергетика саласындағы стратегиясымен сәйкес келеді", - дейді А.Африкано.

Кездесу соңында Анголаның "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық арнайы көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.

BNews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу