"Әр әкімдікте отбасы және әйелдер ісі жөніндегі басқармалар құрылуға тиіс"

904

6 өңірде жақында осындай басқарма құрылады.  

"Әр әкімдікте отбасы және әйелдер ісі жөніндегі басқармалар құрылуға тиіс"

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия еліміздегі әр әкімдікте отбасы және әйелдер ісі жөніндегі басқармалар құрылу керек  деген ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды Аtameken Business. Комиссия төрайымы Ләззат Рамазанованың айтуынша, 6 өңірде жақында осындай басқарма құрылады. Сондай-ақ көпбалалы аналарға көрсетілетін материалдық көмек түрі де қайта қаралуға тиіс. Бұл ұсыныстардың бәрін аталған комиссия мәжіліске ұсынған 3 заң жобасында да қамтыған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу