Арал теңізінде жоғалған балықшылар табылмай жатыр

3070

Олар балық және мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті "Бақыт" шаруа қожалығында еңбек етеді. 

Арал теңізінде жоғалған балықшылар табылмай жатыр

Қызылорда облысының жедел қызмет өкілдері үш күннен бері жоғалған балықшыларды таппай жатыр. Ашық теңізге ығып кеткен балықшыларды ауа-райының күрт өзгеруінен "жел айдап кетуі мүмкін" деген болжамдар айтылуда.

2 қараша күні ау салуға шыққан балықшылардың бірі – 25-те, екіншісі – 26 жаста. Олар балық және мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті "Бақыт" шаруа қожалығында еңбек етеді. Балықшылар сол күні Арал теңізінің №16 аумағына шығады. Бірақ күннің күрт құбылуы мен қатты желдің кесірінен олар әлі оралмады.

"Жоғалған қос балықшыны іздеу шаралары шұғыл қолға алынды. Теңіз бойын барлығы 30-ға тарта қайықпен құтқарушылар, сүңгуіршілер және дрон іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл мұндай оғаш оқиға алғаш рет тіркеліп отыр. Былтыр осындай 5 жағдай орын алған еді", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Іздестіру жұмыстарына жақын елдімекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Арал теңізінің үстін және маңайын дронмен шолып жүр. Өкінішке қарай, әзірге іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей тұр. 

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу