Қостанай облысы Арқалық қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жергілікті активке қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалған Арқалықтың жаңа әкімі – Қайрат Әбішевті таныстырды",– делінген хабарламада.
50 жастағы Қайрат Әбішев бұған дейін Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін қаланы Эльдар Күзенбаев басқарып келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу