Асфальт—бетонзауыты салынады

685

Асфальт—бетонзауыты салынады

Жылыой ауданында мемлекеттен жеңілдікпен берілетін несие есебінен жаңа асфальт—бетонзауыты салынады, деп хабарлайды atr.kz.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтың айтуынша, құрылыспен "Өмірзақ сервис" жергілікті кәсіпорны айналысатын болады. Аталған кәсіпорын өндіріс нысанын тұрғызу мақсатында екінші деңгейлі банктен 465 миллион теңге несие алған. Оның пайыздық мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды.

Бүгінде асфальт өндірісіне қажетті жабдықтарды монтаждау жұмысы аяқталып отыр. Енді бетон өндірісі үшін жабдықтарды орнату ғана қалды. Болашақ зауыттың қуаттылығына келер болсақ,  сағатына жүз тонна асфальт пен елу тонна бетон өндіру қолға алынбақ. Бастапқы кезеңде елу адам жұмыспен қамтылады деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу