Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне 2019 жылғы 25 ақпанда кірісті. Министрліктің қайтадан құрылуына орай, ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №25 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу