Асқар Жүнісбек ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызметі" мекемесінің директоры болып тағайындалды

650

Асқар Жүнісбек әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Асқар Жүнісбек ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызметі" мекемесінің директоры болып тағайындалды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директоры болып Асқар Жүнісбек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш мекеменің сайтына сілтеме жасап.

Асқар Рақымбайұлы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін, механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Өзінің еңбек қызметін Алматы облысы Қоғалы орта мектебінің математика және информатика мұғалімі ретінде бастады. Әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда, 2013 жылдан бастап "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен бірге Мәскеу қаласы УМЦНИТ ФАСПСИ, компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломы бар.

Асқар Жүнісбек қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірнеше рет ведомстволық және үкімет наградаларымен, түрлі халықаралық грамоталармен және дипломдармен ынталандырылды, "Ерең еңбегі үшін" мемлекеттік медалін иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу