"Әскери баспана" бағдарламасының үшінші кезеңі басталады

1338

Биыл аталған бағдарлама бойынша несие беруге шамамен 60 млрд теңге бөлінбек.

"Әскери баспана" бағдарламасының үшінші кезеңі басталады

ТҚЖБ арқылы жүзеге асырылатын "Әскери баспана" тұрғын үй бағдарламасының үшінші кезеңі басталалды, деп жазады kn.kz.

Бағдарламаның нақты қай күні басталатыны әлі белгісіз. Банк несие алушылардың баспана тауып, қажетті құжаттарын жинап үлгеруі үшін әскери қызметкерлерге алдын-ала хабарлайтын болады.

ТҚЖБ берген мәліметке сүйенсек, биыл аталған бағдарлама бойынша несие беруге шамамен 60 млрд теңге бөлінбек. Ал несиелеудің негізгі шарттары өзгеріссіз қалады: несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8%, ең төменгі бастапқы жарна – пәтер бағасының 15%-ы.

Несие тұрғын үй төлемін алатын әскери қызметшілерге беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу