Әскери бөлімге Қасым Қайсенов пен Шәкір Жексенбаевтың есімі берілді

2368

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері ендігі уақытта қазақстандық армия тарихында маңызды рөл атқарған құрметті әскери қызметшілердің есімімен аталатын болады.

Әскери бөлімге Қасым Қайсенов пен Шәкір Жексенбаевтың есімі берілді

Өскемен қаласындағы әскери бөлімге Халық қаһарманы полковник Қасым Қайсеновтің есімі берілді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

1918 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген офицер 1938 жылы Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумын бітірді. 1940 жылы әскерге шақырылып, әскери барлаушы мектебіне қабылданды. Араға бір жыл салып Киевте алғашқы ұрысқа қатысты.

Батырдың құрметіне Өскемен қаласында ескерткіш орнатылып, есімімен көше аталынды, Ұлан ауданының әкімшілік орталығы Қасым Қайсенов кенті деп өзгертілді.

Сондай-ақ, Тараз қаласындағы әскери бөлімге генерал-майор Шәкір Жексенбаевтің есімі берілді. 1901 жыл Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, Хан Ордасындағы жоғары бастауыш училищені, педогогикалық курсты тәмәмдаған. 1918 жылы өз еркімен Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жексенбаев, Калини химияға қарсы әскери училищенің химияға қарсы қорғаныс батальоны командиріне дейінгі жолды жүріп өтіп ауқымды әскери тәжірибе жинады.

Әскери бөлімдерге отандас-батырлардың есімін беруге бөлімдердегі әскери қызметшілердің жеке құрамы бір ауыздан қолдады. Қазақстандық армияның жауынгерлік дәстүрін сақтап қалу мен Отан қорғаушылардың есімін дәріптеу идеясын ҚР Қорғаныс министрілігінің басшылығы қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу